Өлкетану – отаншыл тәрбиенің өзегі

397 Views

2023 жылы ауданымыздың құрыл­ғанына – 85 жыл толады. Осыған орай, аудан тарихын деректеуге арнал­ған автор­лық «Өлкетану» бағдар­ламамды облыстық білім басқармасы бекі­тіп, ауданымыз­дың білім бөлімі қол­дады.
Қоғам­дық негізде ішкі саясат бө­лімінің өлкетану тапсырысын атқа­рушы Жамбыл облысы «Қазақстан студент­тер Альянсы» жастар қоғам­дық бірлестігімен бірігіп өлкетану клубтарын құру үшін ауданымыздың 25 орта мектептерінде 18-28 қазанда семи­нар кеңес өткізілді. Өлкетану клуб­тары­на мүшелер қабылданып, жетекшілері тағайын­далды.
Жос­парланған өлкетану жұмыс­та­рының тақырыптары:
1. Аймағымыздың тарихи тұлғалары: Билер, батырлар, болыстар, ұлт-азаттық көтеріліс жетекшілері, қатысқандар, қоғам қайраткерлері. Алаш қозғалысы қатырында болғандар.
2. Кәмпеске, ұжым­дас­тыру, ашаршылық, 1937-1938 жылдары қуғын-сүргін зардаптары.
3. Әулие Ата – Луговой – Мөңке, Түрксіб теміржол құрылысы.
3. Ұлы Отан соғысында ерліктері үшін жоғары әскери «Жауынгерлік Қызыл ту», «А.Невский», «Даңқ», «Қызыл Жұлдыз», ордендерімен марапатталған есімдері, мекендері белгілі 225 жауынгердің өмір- деректерін деректеу.
4. Тылдағы еңбек майданға азық, киім, сыйлық, жеке қаржысын бергендер, Еңбек майданына алынғандар.
5. Үздік еңбегі үшін «Ленин», «Октябрь революция», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен марапатталған 148 азаматтың есімі, мекені белгілі еңбеккерлердің өмірдеректерін жинақтау.
6. Ауылдың 1945-1991 ж.ж қоғам­дық-саяси, экономикалық-әлеуметтік, мәдени өміріндегі жетістіктер білім, ғылым, өнер, денсаулық, құқық, отан қорғау, спорт салаларының танымал тұлғалары.
7. 1949-1989 ж.ж Семей, Чернобльда, Ауған соғысында болғандар.
8.Тәуелсіздік жылдарындағы танымал шаруашылықтар, табысты шаруа қожалықтар мен кәсіпкерлер жетістіктері.
9. Тәуелсіз елімізде облыс, ауданға танымал, білім, ғылым, өнер, мәдениет, денсаулық, құқық қорғау, қорғаныс, спорт салаларының қайраткерлері мен саңлақтары.
Өлкетану жұмыстарының мақсаты:
1. Ерлікте, еңбекте жоғары мем­лекеттік марапатталған белгілі 373 адамның есімдерін, «Ерлік еңбек даңқы» кешеніне жазылуына дайындау.
2. Жоғарыда көрсетілген тақы­рып­тар бойынша жинақталған деректер, мәліметтер, құжат суреттер, жәдігерлер т.б. материалдарды орна­ластыратын мек­теп өлкетану мұражайын жабдықтау.
Өлкетану клубы жетекшілері, тарихшы мұғалімдер, өлкетанушылар деректеулер жүргізуге «Құлан киелі бесік», «Құлан өңірі тұнған шежіре», «Жаңғырған өңір», «Құтты мекен- Құланым», «Өңір тарихы сыр шертеді» кітаптарын пайдаланды.

Әлі Бекқұлы,
Республика өлкетанушы ісінің үздігі, «Аманат» сыйлығының иегері, «Парыз» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Поделиться ссылкой: