ҚҰЛАНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ ДОДА

417 Views

Қазақстан Республи­касы Оқу – ағарту министрлі­гінің бекіт­кен ережесіне сәйкес, Құлан агротехникалық жоғары колледжі базасында Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында ауыл шаруашылығы саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті. Конкурсқа еліміздің 13 өңірінің 15 колледжінен ветеринария және агрономия мамандықтары бойынша 22 педагог қатысты. Мал дәрігері және Агроном мамандарының кәсіптік шеберлігін шыңдаған байқауға ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Исмаил Мұхтар Маратұлы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Агрономия кафедрасының профессоры, ауыл шаруа­шылық ғылымдарының кандидаты Гүлнар Мырзабаева, М.Х.Дулати атын­дағы Тараз өңірлік университетінің Мелиорация кафедрасының доценті, PhD докторы Айнұр Жатқанбаева, ҚР АШМ Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекет­тік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инс­пекциясының бөлім басшысы Азамат Құрбанов, Жамбыл облысы әкім­дігі­нің ветеринария басқармасының Ветери­нариялық қауіпсіздікті қам­тамасыз ету бөлімінің бас маманы Талғатбек Алтынбек, ҚР АШМ Ветеринариялық бақы­лау және қадағалау комитетінің Жамбыл облыстық филиалының бас маманы Ернұр Әштанов, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қада­ғалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК-ның Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудан­дық филиалының маманы Андрей Сердюков сияқты білікті мамандардан құрал­ған қазылар алқасы төрелік жасады.
Республикадағы ауылшаруашылығы сек­торын дамыту жағдайында ауыл­шаруашылығы саласындағы ТжКОБ ұйым­дарының неғұрлым талантты педагог­терін анықтау және қолдау мақса­тын көздейтін конкурстың бары­сында қатысушы педагогтер 6 модульді қамтитын теориялық және практикалық тапсырмаларды орындады. Байқауға қатысушы­лардың кәсіби шеберлігін баға­лау электронды түрде жүргізілді.
Байқау­дың бірінші теориялық кезеңі мамандық бойынша тестілеу және ауылшаруашылығы саласының стандарт­тарын анықтау бойынша тәжірибелік жұмысты орындау ке­зіндегі іс-қимылдардың бірізділігін құрас­тыру модульдері бойынша өткі­зілді. Конкурстың практикалық кезеңі әр­бір модуль бойынша бір немесе бір­неше тапсырмадан тұрады. Конкурс маман­ның өз бейіні бойынша кәсіби құзырет­тілігін бағалауға мүмкіндік береді. Практикалық кезеңінде қатысу­шылар өз бейіндері бойынша кәсіби шеберліктерін көрсетті, яғни іс-қимыл­дардың дәйектілігі, орындаудың дұрыс­тығы, сала стандарттары талаптарының сақ­талуы, орындалу уақыты, өз іс-қимыл­дарының негіздемесі аспектілері байқалды.
Екі күнге созылған ауылшаруа­шылы­ғы саласындағы ТЖКБ педагог­тері арасындағы Республикалық кәсіби шебер­лік конкурсының қорытын­дысы бойын­ша Агрономия саласы бойын­ша Бас жүлдені Түркістан облы­сы Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжі­нің оқытушысы Мәмбет Бейбіт Тәуір­жанұлы, І орынды Түркістан облы­сы Қапланбек жоғары аграрлық -техни­калық колледжінің оқыту­шысы Қал­дасов Азамат Тенжалиұлы, ІІ орынды Жамбыл облысы Құлан агротехникалық жоғары коллед­жінің оқытушысы Ятаев Марат Дуйсенханұлы, ІІІ орынды Павлодар облысы Ертіс жоғары инновациялық аг­рар­лық колледжінің оқытушысы Аб­динов Нұржан Сәбитұлы иеленді.
Ветеринария саласы бойынша Бас жүл­деге Түркістан облысы Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық коллед­жінің оқытушысы Назиева Гүльжан Зұлпқарқызы, І орынға Жамбыл облысы Құлан агротехникалық жоғары коллед­жінің оқытушысы Байсақалова Жанар Болатқызы, ІІ орынға Алматы қала­сы Еуразия аграрлық колледжінің оқытушы­сы Мұхаметқалиев Айдар Қайратұлы ІІІ орынға Жамбыл облысы Қордай ауылшаруашылығы коллед­жінің оқытушысы Нуриев Талғат Нуриұлы лайықты деп табылды.
Қазақстанның әр өңірінен келген өз маман­дығының майталмандарына және қазы­лар алқасы мүшелеріне Жамбыл облы­сы әкімдігі білім басқармасының ТЖКБ дамыту орталығының басшысы Д.Есжанов және Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі ауылшаруашылығы бөлімінің басшы­сы Т.Биғазиев облыстық білім басқармасының алғыс хат­­тарын тап­сырды.
Қазылар алқасының мүшелері жә­не конкурстың қатысушылары ҚР Оқу-ағарту министрлігінің және Жам­был облысы әкімдігі білім бас­қармасының ауыл­шаруашылы­ғы саласы бағытындағы оқу орындарына көр­сет­кен сенімі мен қолдауын жоғары баға­лап, Құлан агротехникалық жоғары коллед­жі ұжымының респу­бли­ка­лық конкурс­ты ұйымдастыру дең­гейіне ризашылы­ғын білдірді.

Г.Маханбетова,
Құлан агротехникалық жоғары колледжі директорының ақпараттық технологиялар ісі жөніндегі орынбасары.

Поделиться ссылкой: