Ел болашағы – әрқайсымыздың қолымызда
36 ViewsКеше ел азаматтары Атом электр станциясын салуға қатысты жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауда. Жалпы бұл еліміз тәуелсіздік алғалы өтіп жатқан төртінші референдум. Өзім…
Көктем шыққалы қарбалас тірліктен қолдары босамаған ауыл еңбеккерлері үшін бел жазып тынығуға әлі ерте. Жазда еккен егінін орып, артынша пар айдаған диқаншы қауым енді күздік себуге кірісіп кет ті. «Жеріне қарай егін ек…» деген халық даналығын берік ұстанған шаруа қожалық өкілдері жергілікті жердің ерекшелігі мен табиғатына сәйкес бидайдың бірнеше элиталы сорттарын егіп, тәжірибеден өткізіп келеді. Солардың ішінде «Луговой жылқы зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің алар орны ерекше.
– Бас-аяғы 6,200 гектар нә жерге бидай егуді жоспарлап отырмыз. Күздік себуді бастаған 12 күннің бедерінде 3,500 гектарға жоғары сұрыпты тұқым себілді. Жылда агротехникалық ережелерді қатаң сақтаймыз. Соның нә тижесінде мол өнім алып келеміз, -дейді серіктестіктің агрономы Нұржан Набиқұлов. Расында «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-і ауданымыздағы ең көп егін егетін ауыл шаруашылығы ұжымдарының бірінен саналады. Техника паркін жаңалауға баса мән берген іргелі ұжым егін жинау науқанын елдің алды болып ерте аяқтайды. Серіктестіктің күздік себу жұмыстарымен танысқан аудан әкімі Асқар Қырықбаев алқап басынан Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директорының орынбасары, биология ғылымдарының докторы Шынболат Рсалиев пен аталмыш институттың бөлім меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты Қайрат Оразалиевті жолықтырды. Институт өкілдері биыл серіктестікпен екі жақты келісім-шартқа отырып, ғылыми бағыт беруге келіпті.
Мереке ЕРЖАНҰЛЫ.