Шоқ тілді Шона
20 ViewsӨткен сәрсенбіде Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде белгілі сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымының ұйымдастыруымен «Жүз шымшыма»…
Жуырда аудан әкімі Асқар Қырықбаевтың төрағалығымен әкімдіктің үлкен мәжіліс залында алқа мәжілісі болып өтті. Онда қысқы жылыту маусымына дайындық барысы пысықталды. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары мен ауыл әкімдері қатысты.
Аудандық тұрғын үй, коммуналдық-шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Дауытбековтың жылыту маусымына дайындығы туралы есебіне қарап, атқарылған жұмыстардың ауқымды екенін аңғаруға болады. – Алдын ала жоспар бойынша аудандық бюджеттік мекемелерге қажетті жалпы сомасы 103645,4 мың теңгеге7690 тонна көмір сатып алынды. Бүгінгі таңда қажетті қатты отын қоры мекемелерге 100 пайыз жеткізілді. Нақты айтқанда, білім саласына – 6100, мәдениет саласына – 1273, денсаулық саласына – 317 тонна көмір берілді, -дейді сала басшысы. Мақсат Дауытбековтың айтуынша, тұрғындарға 12500 тонна көмір қажет болса, соның 10000 тоннасы қазір қоймада бар. Кез-келген аудан тұрғыны жеке кәсіпкер Иманалиевтің қоймасынан «Қаражыра», «Екібастұз» маркалы көмірлердің тоннасын 12500-15500 теңге аралығында сатып ала алады.
Сонымен қатар, газдандыру және жаңа қазандық салу бойынша да жұмыстар жолға қойылыпты. Атап айтқанда Қ.Сәтпаев, Малдыбай, №3 орта мектептің отқазандықтары жөндеуден өткен. Бүгінгі таңда Көкдөнен, Құмарық, Қорағаты ауылдық мәдениет үйлеріне қазандық салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр екен.
Сала басшысының есепті баяндамасын байыппен тыңдаған аудан әкімі Асқар Санатұлы атқарылған жұмыстарға қатысты бірнеше сұрақтар қойып, дайындық барысын пысықтап алды. Сондай-ақ, басқа да сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Алқа мәжілісінде өзге де өзекті мәселелер қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.
М. ЖОЛДАСБЕКҰЛЫ.