Агросала мамандары марапатталды

316 Views

Өткен жылдың есесінде қалған дағдарыстың орны биыл қайта толтырылды десек, артық айтқандығымыз емес. Оған биылғы бидайдың бітік шыққанын, шаруалардың шат-шадыман күйге бөленгенін дәлел ретінде келтіруге болады. Расымен де, былтыр азын-аулақ астық алған дала дихандары биыл әр гектардан 18 центнерден өнім алды. Бұл салыстырмалы түрде алғанда – жоғары көрсеткіштердің бірі.
Тынбай тірлік етіп, жоғары көрсеткішке қол жеткізген жандардың еңселі еңбегі елеусіз қалмауы тиіс. Осыған орай апта басында аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында шағын жиын өтті. Оған «Қазақстан Фермерлер Қауымдастығы» Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дулат Әбенұлы Сұлтанбеков, аудан әкімінің орынбасары Ерғазы Еспенов және бірқатар шаруа қожалық басшылары мен сала қызметкерлері қатысты. Жиында жыл бойы атқарылған тірліктер тізбектеліп, «үздік» деп танылған бірқатар шаруалар Ауылшаруашылығы министрлігінің және аталған қауымдастықтың арнайы медальдарымен марапатталды. Сондай-ақ, кейбір шаруаларға Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттар да табыс етілді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: