ҚҰРМЕТТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУШЫ!
20 ViewsҚҰРМЕТТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУШЫ! Егер Сіз 2026 жылғы 15 наурызда дауыс беру күні өзіңіздің тіркелген жеріңізден тыс жерге баратын болсаңыз, қалай дауыс бере аласыз? Ол…
Ақша қар жауып ашылып,
Жайнады мөлдір көк аспан.
Шұғыласы қарға шашылып,
Күн әлемге нұр шашқан.
Қардан көрпе жамылып,
Бүркенді торғын қара жер.
Ұлпаға орман малынып,
Солқылдар бұтақ ессе жел.Бөбектің сүйіп бетінен,
Аймаласа да ызғырық.
Ойнақтап ұлан лепірген,
Шаңғысын қарға сыздырып.
Ойнақтаса ұландар,
Қиядан зырлап шүйіліп.
Мұнда өнер бар, сан сыры бар…
Қуанам мен де сүйініп.
Сапарғали Бегалин.