Ботулизмнің алдын алу
30 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының Павлодар қаласындағы филиалында болды. Мұнда ішімдік пен есірткіге тәуелді азаматтар оңалтудан өтеді.
«Мені осы мәселені жақсы білетін адам ретінде қабылдағандарыңызды қалаймын. Өйткені, бұл мәселе менің жақын адамдарымның да өмірінде болды. Ол кісімен бірге отырып, жылап, кейде ашуланған түндерім де болды. Мен әрқашан жақын адамдарымның, құрбыларымның және барша қазақстандықтардың басында мұндай келеңсіз жағдай ешқашан болмағанын қалайтынмын. Мен Павлодардағы орталыққа осы себеппен келдім. Әрине, біздің аймақтық штаб зауыттарды, ауруханаларды және т.б. мекемелерді ұсынды. Бірақ мен сіздердің мәселелеріңізге бей-жай қарай алмаймын, елдегі есірткі мен ішімдіктің таралуына байланысты ахуалды өзгерткім келеді», – деді ол.
Кандидаттың айтуынша, тәуелділікті жеңген адамдардың қоғамдастығын құру маңызды. Әкімдіктер оларға жан-жақты қолдау көрсетіп, көмек беруі керек.