Жер учаскесін алудың жолы қандай?

480 Views

Жер учаскесін алу үшін кезекке тұруға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы Көкдөнен ауылдық округі Ш.Уалиханов 89 мекенжайда орналасқан Көкдөнен ауылдық цифрландырылған ақпараттық орталықтан egov.kz порталы арқылы және Көкдөнен әкімшілігі ғимаратында Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышын пайдалану арқылы қызмет ала аласыздар. Қызмет алу үшін ЭЦҚ кілтін компьютерге қосып, сертификатты таңдап, құпия сөзді теріп, қызмет түрін таңдап, қажетті мәліметтерді толтырып, қызметті ала аласыз.
Құрметті қызмет алушылар!
Сіздер арнайы ұйымдастырылған өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштарын пайдалана отырып, өзіңізге қажетті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға болады. Бұл сіздерге тиімді, кедергісіз әрі уақытты үнемдейді.

Көкдөнен ауылдық округінің әкімдігі.

Поделиться ссылкой: