307 Views
Тәуелсіздік күні – 1991 жылдың 16 желтоқсанын елімізді әлемдік қоғамдастықтың дербес мүшесі және халықаралық құқық субъектісі деп жариялай отырып, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданған тарихи күн.
Әділетті Қазақстан құру идеясының айналасына азаматтардың бірігуіне, қазақстандықтардың саяси мәдениетімен азаматтық ынтымақтастығын арттыру мақсатында сәрсенбі күні Тұрар Рысқұлов АПБ-нің жеке құрамына Тәуелсіздік құндылықтарын талқылау, елдегі бірлік пен бейбітшілікті нығайту бойынша хроникалық-деректі фильмдердің көрсетілімдері ұйымдастырылды.
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен жиында Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихындағы ұлттық мерекенің рөліне арналған дәрістер оқылып, «дөңгелек үстел» өткізілді. Дөңгелек үстелге Тұрар Рысқұлов АПБ-нің ардагерлер кеңесінің төрағасы Еділхан Бегалыұлы Жақсығұлов арнайы шақыртылып, құрметті қонақ АПБ қызметкерлеріне өзінің ақыл-кеңестерін айтып, көп жылдық тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, Еділхан Бегалыұлы өз сөзінде полиция қызметкерлерінің жұмысы қаншалықты жауапты әрі қиын болғанымен, елінің бейбітшілігі мен жұртының тыныштығын сақтау, халыққа жақын және қолжетімді болу әр құқық қорғау қызметкерінің міндеті екенін атап өтті.
АПБ бастығының орынбасарымен және ардагерлердің қатысуымен өткен шарада жас ұрпақ пен жас маманды тәрбиелеу бағытында көптеген өсиет сөздер айтылды.
Аудандық полиция бөлімінің Кадр
саясаты тобы.
Поделиться ссылкой: