Зейнеткерлікке мерзімінен бұрын шығу мүмкін бе?

383 Views

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ерлер үшін зейнетке шығу жасы — 63 жаста, әйелдер үшін қазіргі уақытта — 60 жаста.
Бірақ кейбір қазақстандықтар ерте зейнеткер бола алады.
Біз материалымызда бұл қандай жағдайда мүмкін екенін айтамыз.
Қандай жағдайда әйелдер ерте зейнетке шыға алады?
«Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңымен әйелдердің зейнетке шығу жасын кезең-кезеңімен 2018 жылдан бастап 2027 жылға дейін яғни 10 жыл ішінде, жыл сайын 6 айға ұлғайту көзделген.
2027 жылға қарай әйелдердің зейнетке шығу жасы 63 жасқа жетуі керек.
Қазіргі уақытта әйелдер 60 жаста зейнетке шығады.
Қызметті электрондық үкімет порталынан алуға болады: Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау.
Сонымен қатар, зейнеткерлік жастың ұлғаюы зейнеткерлікке ерте шығу құқығы бар:
•5 және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер — 53 жаста.
•Семей ядролық сынақ полигонының төтенше және радиация қаупі ең жоғары аймақтарында 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған әйелдер.
Әйелдер үшін жұмыс істемейтін ананың жас баланы бағып-күткен, бірақ әрбір бала 3 жасқа толғанға дейін жалпы жиынтығы 12 жыл шегінен аспайтын уақыт зейнетақы тағайындау үшін еңбек өтіліне есептеу бойынша жеңілдіктер де сақталған.
Сондай-ақ 16 жасқа дейінгі мүгедек баланы бағып-күткен уақыт, бөгденің көмегіне мұқтаж бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызбасты мүгедекке және жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қартқа күтім жасаған уақыт, әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері жұбайларының мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде жұбайларымен бірге тұрған кезеңдері, бұрынғы кеңестік мекемелердің, Қазақстан Республикасы мекемелері мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері зайыбының (жұбайының) шетелде тұрған, бірақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңі және басқалар сияқты жекелеген әлеуметтік маңызы бар кезеңдерді зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін есептеу көзделген.
Egov.kz.

Поделиться ссылкой: