Ағаш көшеттері отырғызылды
65 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Т.Рысқұлов ауданы аумағында Жергілікті полиция қызметінің жеке құрамымен «Көршінің бақылауы» атты бағдарлама бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағдарламаның мақсаты – бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының алдын алуға бағытталған. Пәтер ұрлықтары, басқа да ұрлықтар тұрғындар үйлерінде жоқ уақытта орын алады. Көршінің бақылауы бағдарламасы дегеніміз – тұрғындар басқа жаққа кеткен жағдайларда көршілеріне үй- жайлары, басқа да мүліктерін табыстап кетуді түсіндіру. Көршілері болса бөгде адамдарды көріп қалса, кім екенін білу, күдікті жағдайлар орын алған жағдайда жедел арада полицияға хабарлау қажет екенін түсіндіру. Тек көршілермен шектеліп қалмай, жұмыс уақытында, оқу орындарында, жол жүрген уақытта мүліктерін де қараусыз қалдырмай, жанындағы серіктеріне табыстап кетсе, мұның барлығы қылмысқа тосқауыл болады.
Пәтер ұрлығы кезде, егер оны көзіңізбен көрсеңіз немесе ол туралы хабардар болсаңыз, Сізден полиция бөліміне хабарлап және де құқық тәртібін қамтамасыз етуде, пәтер ұрлығымен күресуде көмек көрсетулеріңізді сұраймыз.