Мал ұрлығына тосқауыл қояйық!

453 Views

Мал ұрлығы ауылды жерлерде өзекті мәселе болып келеді. Оның басты себебі – жайылымдағы малдарды қажетті бақылау мен қараусыз қалдыру.
Мұндай қылмыстарды «ізін суытпай» ашуына теріс ықпал тигізетіні, ол тұрғындар малдың жоғалғанын көріп, дер кезінде полицияға хабарламай, біраз уақыттан соң табылар деп үміттенеді. Иелерінің өздері көбінесе малдарының ерекше белгілерін білмей, іздестіру әрекеттерін қиындатады.
Іс-тәжірибе көрсеткендей, қылмыскерлер малды ұрлап, оны тез өткізіп жібереді. Қызметтерін бөліп алған (ақпаратшылар, орындаушылар және өткізушілер) қылмыскерлер тобы жұмыс істеуде. Малды ұрлау мен оны өткізу тез арада болады да, айғақтарды іздеу қиынға соғады. Сондықтан малға сенімді күзет, жайылымда оларға тәулік бойы бақылау, оларды бағатын жерді қарайлау – осының бәрі малды сақтап қалуды қамтамасыз ететін негізгі факторлар болып табылады.
Мал ұрлығына жол бермеу мақсатында ішкі істер органдары Сіздерге, құрметті мал иелері, келесі қағидаларды сақтауға кеңес береді:
– әр малдың жеке сипаттамасы болуы керек (түрі, тұқымы, түсі, жынысы, жасы, белгілі шаруашылыққа немесе тұлғаға жататын малға, оның құлағына, мойнына қойылған арнайы таңбасы, малдың жеке таңбасы (зақымдануынан қалған, бояуының, физиологиясының таңбасы);
– малды көзден таса қылмай жаю керек. Жеке жайылымда қорғаныс шарасы ретінде темір кісенді құлпы т.б. қолдану қажет.
– жазғы жайылымдарды, қойнауларды, сарайлардың қоршауы тек күшейтілген құрылымнан, оның қақпасы құлыпқа жабылуы тиіс; бұл аумақтардың жарықтандырылуы қарастырылуы кажет.
– жауапкершілігін ояту арқылы, халық алдында беделі, тұрғылықты жері бар азаматтарға сенім арту керек.
– қоғамдық бастама ретінде ауыл әкімдері мен ішкі істер органдарының келісімімен түнгі уақытта мал тұратын жерлерді ынтымақ негізінде күзет ұйымдастырылуы қажет.
Үй жануарлары жоғалған кезде Сіздерді тез арада учаскелік полиция инспекторына немесе аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне хабарлауларыңызды; болған оқиға туралы көбірек адамдарды хабардар етуді; мал ұрлығы болған кезде жедел-іздестіру топтары келіп жеткенше заттай айғақтар мен басқа да іздерді сақтап калуда шара қолдануды; жеке белгілерін көрсете отырып, малды толық сипаттауды; қауіпсіздік шараларын қолдана отырып, мүмкіндігінше іздестіру шараларын қолдануды; рейдтік іздестіру шараларына көршілерді, қоғамды, жергілікті басқару органдарын тартуды сұраймыз.
Мал ұрланған кезде, егер оны көзіңізбен көрсеңіз немесе ол туралы хабардар болсаңыз, Сізден полиция бөліміне хабарлап және де құқық тәртібін қамтамасыз етуде, мал ұрлығымен күресуде көмек көрсетулеріңізді сұраймыз.

Аудандық полиция бөлімі.

Поделиться ссылкой: