Атқарылған жұмыс қорытындыланды

303 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Серік Узбеков 2022 жылдың 12 айында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша «Құлан таңы» аудандық газетінің тілшісі М.Диханбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясын өткізді.
Сот төрағасы сотпен атқарылған жұ­мыстар туралы және қаралған істер мен материалдар бойынша статистикалық деректерін айтып өтті.
2022 жылдың 12 айында 58 тұлғаға қатысты 54 қылмыстық іс қаралған, оның ішінде үкім шығару арқылы 55 тұлғаға қатысты 51 қылмыстық іс қара­лып, 2 тұлғаға қатысты 2 қыл­мыстық іс жәбірленушілердің тату­ла­суына байланысты қысқартылған. Оның ішінде 1 қылмыстық іс бойынша би медиатордың қатысуымен іс тоқта­тылған.
Есепті кезеңде 503 тұлғаға қатысты 503 әкімшілік іс қаралған, оның ішінде 415 іс бойынша әкімшілік жаза тағайын­далса, 87-сі қысқартылған. Оның ішінде тараптардың медиация тәртібімен тату­ласуы арқылы 45 іс сотқа жетпей қысқар­тылған.
Сондай-ақ, 2022 жылдың 12 айында 672 азаматтық іс қаралған, оның ішінде 368 іс бойынша шешім шығарылған. 112 іс бойынша сот бұйрығы шығарылып, 69 азаматтық іс қараусыз қалдырылды. 110 азаматтық іс қысқартылса, оның ішінде медиация тәртібімен 103 азамат­тық іс қысқартылып, тиісті ше­шім қабылданған. 5 азаматтық іс бітімгершілік тәртібімен қысқартылған, соттылығы бойынша 8 азаматтық іс жолданған.
Бұқаралық ақпарат құралдарында 47 мақала жарияланған, 12 «Дөңгелек үстел», 25 семинарлық сабақ өткізілген.
Аталмыш мәліметтерді тізбектеп бер­ген төраға міндетін атқарушы С.Узбеков конференция соңында тілші­нің сот жүйесіне қатысты барлық сұрақтарына толыққанды жауап берді.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: