МАЛ ҰРЛЫҒЫНЫҢ 13 ДЕРЕГІ ТІРКЕЛГЕН

365 Views

Аудандық прокуратура он бес ауылдық округтің аумағындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жай күйіне үнемі талдау жүргізіп, оны қатаң бақылауда ұстап отыр. Бұл ретте, аудан аумағындағы қылмыстардың деңгейіне әрдайым мониторинг жүргізіліп отырады. Нәтижесінде өсім орын алып жатқан қылмыстардың себеп-салдарына талдау жүргізіліп, олардың алдын алуға бағытталған үйлестіру шаралары тиісті деңгейде қабылдануда.
Мәселен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша аудан бойынша мал ұрлығының 13 дерегі тіркелген. Оның ішінде 7 қылмыстық іс жәбірленушілермен татуласуға байланысты қысқартылған. Сондай-ақ, 3 қылмыстық іс кінәлі тұлғалардың анықталмауына байланысты мерзімдері үзілген. Ал, сотқа 3 қылмыстық іс жолданып, тиісті сот үкімдері қабылданған.
Атап айтқанда, 31.05.2022 жылғы Т.Рысқұлов аудандық сотының үкімімен И.Е.А. ҚК-тің 188-1-бабының 3-бөлігі 1-тармағымен кінәлі деп танылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.
Құрметті аудан тұрғындары! Көп жағдайда жайылымда қараусыз жүрген малдар ұрлануда. Осыған байланысты, біз сіздерден үй жануарларын мұқият қарауларыңызды сұранамыз!

Аудандық прокуратура.

Поделиться ссылкой: