2023 жылы МӘМС үшін кімдер және қанша төлейді?

421 Views

Жұмыс берушілер қызметкерлері үшін жалақының 3% мөлшерінде төлеуі тиіс. Ол – 10 ЕТЖ артық емес немесе 21 000 теңге болуы шарт.
Қызметкерлер, оның ішінде АҚС шарты бойынша жұмыс істейтіндер – табысының 2%-ын төлейді. Оның мөлшері – 10 ЕТЖ артық емес немесе 14 000 теңге.
Жеке кәсіпкерлер (ЖК) ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы немесе 4 900 теңге аударуы тиіс.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар немесе бірыңғай жиын­тық төлем (БЖТ) төлеушілер.
Респуб­ликалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін БЖТ көлемі 1 АЕК құрайды. Яғни, 3 450 теңге. Қалған елді мекендердің тұрғындары үшін БЖТ көлемі 0,5 АЕК құрайды. Яғни, 1 725 теңге.
Дербес төлеушілер үшін жарна сомасы да 2023 жылы өзгерді. Оның мөлшері 3 500 теңгені (1 МЗП-дан 5%) құрады.
Мемлекет 15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін төлем жасайды.
2023 жылғы 1 қаңтардан бас­тап азаматтардың жеңіл­дікті санатындағы 1 адамға жарна мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объек­тісінің 1,8% құрайды. Бұл – мемлекеттік статистика сала­сындағы уәкілетті орган ай­қын­дайтын ағымдағы қар­жы жылының 2 жылының алдындағы орташа айлық жа­лақысы.
Сіз жарналарды екін­ші деңгейдегі банктер және олардың интернет-сер­вистері, Kaspi.kz, Halyk Bank мобильді қосымшалары, «Қазпошта» АҚ бөлім­шелері, төлем терминалдары (Qiwi, Kassa 24 және т.б.) арқылы төлем жүр­гізе аласыз.
Егер сізде қосымша сұрақтар туын­даса, емхананың анықтама қызме­тіне немесе ыңғайлы байланыс арнасы арқылы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіне аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы.

Поделиться ссылкой: