Қарапайым өрт қауіпсіздік ережелері!

372 Views

Өрт талдауы бойынша өрттің басым көпшілігі тұрғын үй секторларында орын алуда. Өрттердің шығуының не­гізгі себептері: тұрғындардың от қолда­нудағы абайсыздықтары, электр құрал­дары мен қондырғыларының ақаулығы мен қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ере­жесінің бұзылуы, пеш мұржасы мен пештің ақаулығы, балалардың отпен ойыны, қасақана өртеу және т.б. Сонымен қатар мас күйінде темекі шегу – өрттің шығуына көп жағдайда себеп­ші. Тіпті мұндай өрттердің соңы адам өліміне әкеледі.
Өртке келгенде баланың да ша­ла­лығы бар. Қолына сіріңке ұстап ашық отпен ойнаған бүлдіршіндердің абайсыз­дығынан болып жатқан өрт оқиғалары да аз емес. Сондықтан да оттың не екендігі, оның пайдасымен қатар, қан­дай қауіпті екендігін балаға ерте жастан түсіндірген жөн. Сонымен қатар күнделікті өмірдегі қолданылып жүрген тұрмыстық техникаларды пайдалану кезінде мұқият болыңыздар. Келесі жайттарды естен шығармағандарыңыз жөн.
Электр жабдықтары мен электр құрал­дарын қолданған кезде электр есепте­гіштерде тек қана зауытта жасал­ған сақтандырғыштар болу керек. Бөлме­лерді жылыту үшін қолдан жа­салған электр жылытқыштарды қол­дануға болмайды. Электр жүйесіне бірнеше жоғары қуатты электр құрал­дарын қосуға болмайды. Бұл оның шамадан тыс артуына әкеліп, өрттің се­бебі болуы мүмкін. Сонымен қатар ескі уақытша электр сымдарын пайда­ла­ну қысқа мерзімді тұйықталуға әкеліп соғады.
Тыйым салынады:
– газ, электр құралдарын және жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға;
– кішкентай балаларды үйге қамап кетуге, оларға сіріңкемен ойнауға рұқ­сат беруге;
– темекі шеккенде абай болыңыздар, өшірілмеген темекі тұқылын еденде немесе жатын орында қалдырмаңыздар.
Өрт болған жағдайда 101 нөміріне телефон шалып, өрт болып жатқан жердің тура мекенжайын хабарлауды ұмытпаңыздар. Ендеше біз де қарап қалмай, табиғат сыйға тартқан әсем жерлерді, адал еңбекпен салынған баспаналарымызды тілсіз жаудан сақтай білейік.

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі және №10 өрт сөндіру бөлімі.

Поделиться ссылкой: