ЭЦҚ кілтін қайта шығаруға бола ма?
18 ViewsЭЦҚ қолданылу мерзімі шығарылған күннен бастап 1 жылды құрайды. Осы мерзім аяқталғанға дейін ЭЦҚ кілтін қайта шығаруға болады. ЭЦҚ-ны онлайн режимде қайта шығару өте…
Аудан орталығы болып есептелетін Құлан ауылы жыл өткен сайын жаңаша келбетке еніп, ажарланып келеді. Оған көптеген дәйектерді жазуға болады. Мәселен, биыл төселінген асфальт жолының құрылысын құландықтар ұзақ жылдар күткен еді. Аудан әкімі Асқар Қырықбаевтың іскерлігінің арқасында бұл мәселе де өз шешімін тауып үлгерді. Аудан басшысының тапсырмасымен орталық Жібек жолы көшесіндегі аркалар қазақша ою-өрнекпен әдіптеліп, ұлттық сипат көрініс тапты. Дәл қазіргі таңда түнгі Құланның көрінісі ешбір шағын қалалардан кем емес. Себебі, аудан орталығында көше жарықшамдары күн сәулесіндей жарқырап тұр. Күні кеше ғана көше бойындағы талдардың қоршауын алып, табиғаттың шынайы көрінісін қаз-қалпында ұсынуды жөн көрген әкімдіктің бұл шешімі де көңіл қуантып еді. Бірақ, кейде дәл мына суреттегідей көріністі көргенде не деріңді білмей, іштей күйінесің. Күнделікті өмірде біз мұндай жағдайларға жиі куә болып келеміз. Тіпті, аудандық білім бөлімінің маңайында кешқұрым жылқысын емін-еркін жайып жүрген азаматты да жолықтырдық. Жайылған мал жердегі шөпті жесе мейлі ғой, онсызда баяу өсетін шырша ағаштарын сындырып, жарамсыз етуде. Сонда осынша еңбекті бағалау, табиғатты аялау қайда қалды. Ойланайық, ағайын…
РЕДАКЦИЯДАН.