Музыканың әлемі – Төлебаев мектебі!
120 ViewsӨткен сенбіде Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің ұжымы өздерінің 50 жылдық мерейтойларын атап өтті. «Шығармашылық пен еңбектің жарты ғасыры» деген тақырыпта өткен Мэлс…
Ең төменгі жалақы мен АЕК-тің ұлғаюына байланысты 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап, әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақы-лардың мөлшері өсті. Сонымен қатар, бала күтімі бойынша жәрдемақыны тағайындау мерзімі бір жарым жылға дейін ұзартылды.
Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы: 1-ші, 2-ші және 3-ші балаға – 131100 теңге, 4-ші және одан да көп балаға – 217350 теңге.
Жұмыс істемейтін әйелдер үшін бір жарым жылға дейінгі бала күтіміне берілетін жәрдемақы мөлшері: 1-ші балаға – 19872 теңге, 2-ші балаға – 23495 теңге, 3-ші балаға – 27083 теңге, 4-ші және одан да көп балаға – 30705 теңге.
Мүгедектік бойынша жәрдемақы: І топ – 77889 теңге, ІІ топ – 62068 теңге, ІІІ топ – 42190 теңге. Зейнетақының ең төменгі мөлшері 53076 теңгені құраса, базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 24341 теңгеге теңестірілді.
Аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімі.