Тұғылшиев Ертіс Армиябекұлы

416 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар

ӨМІРБАЯНЫ
Тұғылшиев Ертіс Армиябекұлы 1974 жылдың 29 желтоқсанында Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Құлан ауыл шаруашылық колледжін « Құқықтану», 2009 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Жол қатынастары» мамандықтары бойынша бітірген.
1998 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысады. 2005 жылдан бері «Ердос-А» шаруа қожалығының басшысы. 2012 жылдан бері аудандық техникалық байқау орталығының директоры. 2015 жылдан бастап «Ауыл» халықтық демократиялық партиясы Тұрар Рысқұлов аудандық филиалының төрағасы. Аудандық Қоғамдық кеңес мүшесі.
2016 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ел Тәуелсіздігіне – 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. Жеке кәсіпкер ретінде көптеген қоғамдық іс-шараларға қолдау білдіріп келеді. Әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға өз тарапынан жеңілдіктер жасап отырады. Қоғамдық кеңес мүшесі ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген мекемелермен бірлесіп қызмет атқарып, ауданымыздың көркейіп, жақсаруына үлес қо­суда.
Отбасылы. 2 ұл, 1 қызы, 3 немересі бар.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Береке мен бірліктің, молшылық пен ырыстың бастауы – ауыл. Ауылдың өркендеуі – Қазақстанның өркендеуі! «Ауыл төрге шықсын!» Мен үшін ауыл – сыйластық пен құрметтің ордасы. Әрқашанда ауылдың үні естілсін.
Құрметті сайлаушылар! Мен бірмандаттық жүйемен №7 сайлау округі бойынша Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына үміткермін. Осы аймақтан депутат болып жатсам, сіздердің сенімдеріңізге селкеу түсірмеймін. Маған дауыс беріңіздер. Егерде депутаттық мандатқа қол жеткізсем, округ аумағында мына мәселелерді қолға алатын боламын.
– «Ауылымның түтіні түзу шықсын»-деген аталарымыздың нақыл сөзіне сүйеніп, ауылдың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға атсалысамын;
– «Ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» жобасы, мемлекет тарапынан ауылшаруашылығы саласына көрсетіліп жатқан қолдауларды дұрыс жүзеге асыру;
– Ауылдық жерлерде шикізат өнімдерін өңдейтін цехтардың санын арттырып, ауылшаруашылық тауарлардың бағасын тұрақтандыру үшін сыйымдылығы жоғары қоймалар салу;
– Менің саяси платформамда жалпы ауылдық аумақтарды және әрбір ауылдық мекендерді дамытуға, атап айтсақ, ауылдың экономикасы, әлеуметтік тұрмысы, инженерлік және өндірістік инфрақұрылымы тәрізді мәселелеріне белсенділік таныту;
– Билік пен халықтың арасында ашықтықты орнату;
– Шағын және орта бизнесті дамытуға үлес қосу;
– Тазалықты қамтамасыз етудің бірінші мүмкіндігі – сумен жабдықтау. Ауыз су мәселесімен бірге жерасты суларын, яғни, тамшылатып суару жүйесін және бетон науалары (лотоктары) арқылы үнемді, ұтымды пайдалануды қарастыру;
– Көшелерді жарықтандыру мәселесін қарастыру;
– Ауыл жолдарының сапалы болуы;
– Аурухана қызметі жүйесінің халыққа қолайлы әрі қолжетімді болуы;
– Барлық ауылдар ауқымды интернет желісімен толық қамтамасыз етіліп, желінің жоғары жылдамдықпен жұмыс істеуін жүзеге асыру;
«Ауылына қарап, азаматын таны» деп жатамыз. Ауылдың сенімді тірегі – жастарға қолдау көрсету!
Құрметті сайлаушылар! 2023 жылдың 19 наурызында сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларыңызды жасаңыздар! «Ауыл төрге шықсын!»

Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.

Поделиться ссылкой: