Тәрбиенің өзегі – балабақшадан басталады
16 Views«Театр – киімілгіштен басталады» деген сөз бар. Сол секілді бала тәрбиелеу ісінің алғышарты да балабақшадан басталатыны сөзсіз. Осы ұғымды мақсат еткен аудандық аналар кеңесі…
Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар
ӨМІРБАЯНЫ
Түлеков Бахтияр Жұмабекұлы 1975 жылдың 30 шілдесінде Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Луговой ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. 1981 жылы Луговой ауылындағы № 33 Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп табалдырығын аттап, 1992 жылы бітіріп шыққан.
1993-1998 жылдар аралығында Қазақ көлік және Коммуникациялар Академиясын «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» мамандығы бойынша толық курсын тәмамдаған. Білімі – жоғары.
Еңбек жолын 1999-2000 жылдары РГП «Қазақстан темір жолы» Луговой жол дистанциясында жол бригадирі болып бастаған. 2000 жылдың қыркүйек айынан 2001 жылдың мамыр айы аралығында РГП Ақыртөбе стансасында жол шебері қызметін атқарған. 2001 жылдың мамыр айынан бастап, 2002 жылдың тамыз айы аралығында ДГП «Қазақстан темір жолы» Луговой жол дистанциясында жол бригадирі қызметінде болған.
2002-2003 жылдар аралығында «Қазақстан темір жолы» Луговой жол дистанциясында жол шебері, 2003-2004 жылдары инженер-технолог, 2004-2006 жылдар аралығында аға жол шебері, 2006-2009 жылдар аралығында жол шебері қызметтеріне тағайындалған.
Ал 2009 жылдың қыркүйегінде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамына қарасты Луговой жол дистанциясы директорының орынбасары лауазымына ауыстырылды. Бұл қызметте 2013 жылдың сәуір айына дейін болып, 2017 жылдар аралығында аға жол шебері, жол колоннасының бастығы, жол колонна бастығының орынбасары, №3 өндірістік учаскенің бастығы қызметінде болған. 2017 жылдың қыркүйегінен бастап «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Луговой рельс дәнекерлеу» кәсіпорнының директоры лауазымына тағайындалып, аталмыш қызметті осы күнге дейін атқарып келеді.
Бахтияр Жұмабекұлы өз еңбек жолында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрмет грамотасымен және «Түрксібке – 90 жыл», «Адал еңбегі үшін», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» сынды төсбелгілермен марапатталған.
Отбасылы. Үш қызы, бір баласы бар.
2004 жылдан бастап «Нұр Отан», қазіргі «AMANAT» партиясының мүшесі.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті жерлестер! Өздеріңізге белгілі, партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асырудың аудандық Жол карталарында жалпы 74 іс-шара белгіленген. Ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айларында іс-шаралардың 69-ы (93%) орындалып, 4-еуінің (6%) орындалу мерзімі келмеген, 1-еуі (1%) орындалу сатысында тұр.
Жол картасына сәйкес, ауданымызда 2022 жылы 6000 гектар жер қайтару жоспарланып, жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 9814,7 жер қайтарылған. Осылайша меже 164 пайызға орындалды.
Өткен жылы 3 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, Жақсылық және Жаңатұрмыс ауылдық округтерінде дәрігерлік амбулатория соғылып, халықтың игілігіне берілді. Сонымен қатар, ауданымызда 1199 жаңа жұмыс орындары құрылып, 28 жас тұрғын үймен, 128 жас қайтарымсыз несиемен қамтылды.
Құрметті сайлаушылар! Мен «AMANAT» партиясы атынан № 13 сайлау округі бойынша сайлауға түсе отырып, ел ісіне араласып, қызмет ету барысында өз алдыма мынадай сайлауалды бағдарламалық мақсат-міндеттер қойып отырмын.
1. Р.Сәбденов ауылына жаңа дәрігерлік амбулатория құрылысының жүргізілуіне ықпал ету.
2. Р.Сәбденов ауылына ауыз су жүйесінің жүргізілуін бақылауға алу.
3. Луговой ауылындағы М.Горький орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне ықпал ету.
Құрметті сайлаушылар! Мен алдағы уақытта «AMANAT» партиясының мүшесі ретінде жауапкершілікті сезіне отырып, осы іргелі істердің жүзеге асуына барынша ықпал етіп, белсене кірісетін боламын.
Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.