АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ АЛАТЫНДАР АЛҒЫСТАРЫН ЖЕТКІЗДІ

718 Views

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ АЛАТЫНДАР АЛҒЫСТАРЫН ЖЕТКІЗДІ

 

Сәрсенбі күні Жамбыл облысындағы «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі күні» акциясы аясында ауданымызға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басқарма басшысы Айнұр Абдырахманова, министрліктің бас сарапшысы Ғалия Жабағина және Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламар басқармасының бөлім басшысы Марал Ділдәбекова келіп, аудан тұрғындарымен кездесті.

 Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен жиынды аудан әкімінің орынбасары Бейсен Әлпейісов ашып, жүргізіп отырды. Жиынға аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары, ауылдық округ әкімдері, ауылдық округ әкімі аппаратының атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жауапты мамандары және аудан тұрғындары қатысты. Жиын барысында сөз алған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басқарма басшысы Айнұр Абдырахманова жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмекті халық арасында кеңінен тарату мақсатында келгендерін жеткізіп, әлеуметтік саладағы болып жатқан өзгерістерді түсіндіріп берді. Осыдан соң аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Берік Шамаев пен Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Сапар Құлманов және ауылдық округтердегі жауапты мамандар тарапынан бірнеше маңызды мәселелер көтеріліп, салмақты сауалдар жолданды. Сұрақ-жауап форматында өрбіген жиында министрлік өкілдері нақты әрі тұщымды жауаптарын берсе, атаулы әлеуметтік көмек алатын аудан тұрғындары мемлекет қамқорлығына ризашылықтарын білдірді.

М.СЕЙДАШЫМ.

Поделиться ссылкой: