Аппараттық кеңесте өзекті тақырыптар талқыланды

222 Views

Жуырда аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Кеңесте ауыл шаруашылығы және әлеуметтік сала, көктемгі су тасқынының алдын алу мәселелері қаралды.

Күн тәртібінің алғашқы мәселесінде көктемгі дала жұмыстары, төрт түлікті асылдандыру, қант қызылшасын егу, кооператив құру жұмыстарының барысы талқыланса, күн тәртібінің екінші мәселесінде атаулы әлеуметтік көмек, қайтарымсыз грант беру, еңбек қатынастары, «Ұлттық жоба» аясында құрылатын жұмыс орындары, отбасының цифрлік картасы туралы баяндалды.
Алдағы уақытта қарапайым ауыл халқының төрт түлігін асылдандыру бағытындағы жұмыстар жүйеленбек. Соның бірі – асыл тұқымды мүйізді ірі қара малдарын қолдан ұрықтандыру және қоғамдық падаға асыл тұқымды бұқалар қосу жұмыстары басты назарға алынса, екіншіден, егістік бойынша барлық 146,6 мың гектарға жуық алқап толық игеріледі деп көзделіп отыр. Атап айтар болсақ, көктемдегі дала жұмыстарын жүргізу барысында 57100 гектарға жаздық арпа, 1500 гектарға жаздық бидай, 15400 гектарға мақсары, 800 гектарға күнбағыс, 550 гектарға қант қызылшасы, 320 гектарға дәндік жүгері, 700 гектарға картоп, 800 гектарға көкөніс, 230 гектарға бақша өнімдері, 5 гектарға таңқурай және құлпынай дақылдары, 9200 гектар алқапқа жоңышқа себіліп, 8035 гектар жер парға айдалатын болады.
Жиын барысында аудан басшысы Ернар Серікәліұлы өзге де мәселелер бойынша жауапты бөлімдердің есебін тыңдап, оларға тиісті тапсырмалар жүктеді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: