278 Views
Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар
Өмірбаяны
Тоқтаған Эрик Тұрарбекұлы 1980 жылдың 10 маусымында Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Луговой ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. 1986 жылы Луговой ауылындағы Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің табалдырығын аттап, аталмыш мектепті 1997 жылы бітіріп шыққан. 1998 жылы Жамбыл политехникалық колледжінің «Қаржы және қаржыландыру» мамандығына оқуға түсіп, оны 2000 жылы бітіріп шыққан. Сондай-ақ, Эрик Тұрарбекұлы 2011-2014 жылдар аралығында Қазақ жол қатынастары университетін сырттай оқып бітірген. Білімі – жоғары.
Эрик Тұрарбекұлы өз еңбек жолын 2003 жылы «Луговой жол дистанциясына» қарасты ПЧ-61 мекемесінде жол монтері болып бастаған. 2008-2013 жылдары жол бригадирі болып жұмыс істеген. Ал 2015 жылы «Жамбыл жол дистанциясында» жол шебері міндетін атқарса, 2016 жылдан бері аталмыш кәсіпорынның 3-ші өндірістік учаске бастығының орынбасары қызметін атқарып келеді.
Үйленген. 2 ұл, 1 қызы бар.
Сайлауалды бағдарламасы
Құрметті сайлаушылар! Мен аталмыш саяси науқанға № 13 сайлау округі бойынша додаға түсуге бел будым. Ондағы басты мақсатым – ауыл тұрғындарының үнін жергілікті биліктің құлағына жеткізу.
Егер мен аудандық мәслихатқа депутат болып сайлансам, мына мәселелердің шешілуін өз міндетіме аламын және осы бағытта жұмыс істеу үшін бар күш-жігерімді салатын боламын.
– Өндіріс орындарын қалпына келтіру, тұрғындарды еңбек орындарымен қамтамасыз етуге ықпал жасау;
– Тұрғын үй мәселесіне жоғары деңгейде көңіл бөлу;
– Ауданымызды көріктендіруге, көгалдандыруға, тазалықты сақтауға, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін оңды шешуге мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлдіруге ықпал ету;
– Отандық тауар өндірушілерді қолдау;
Құрметті сайлаушылар! Менің сайлауалды бағдарламамда еліміздің әрбір азаматы үшін маңызды саналатын әлеуметтік сала да тыс қалған жоқ. Мен егерде аудандық мәслихат депутаттығының мәртебелі мандатына ие болатын болсам, ауыл тұрғындарының сапалы білім алуына, денсаулық сақтау саласының жақсаруына, балалар мен аналарды құқықтық тұрғыда қорғауға, яғни әлеуметтік мәселелерді оңды шешуге күнделікті көңіл бөліп, принципті бағыт ұстайтын боламын. Сондай-ақ, аудан аумағында жастар саясатын қолдау мақсатында оқу бітіріп, ауылға келген жас мамандардың жұмысқа орналасуына барынша атсалысамын.
Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.
Поделиться ссылкой: