Алибаев болат Орынбасұлы

311 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар

Өмірбаяны
Алибаев Болат Орынбасұлы 1986 жылдың 15 тамызында Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Қайыңды ауылында дүниеге келген. Қайыңды орта мектебін бітірген. 2007-2008 жылдары Тараз қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетіне оқуға түсіп, аталмыш оқу ордасын «Биология» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2008 жылы Қайыңды ауылындағы Райымбек Смаилов атындағы орта мектепке биология пәнінің мұғалімі болып жұмысқа қабылданған. 2012 жылдан бастап, осы білім беру ұйымында, яғни Райымбек Смаилов атындағы орта мектепте директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары болып еңбек етіп келеді.

Сайлауалды бағдарламасы
Құрметті сайлаушылар! Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына № 1 округтен сайлауға түсіп отырмын. Өзімнің сайлауалды бағдарламама мына мәселелерді енгізіп отырмын.
1. Ұлттық отбасы тәрбиесінің озық дәстүрлері бойынша жас ұрпақты рухани дамытудың арнайы курсын әзірлеп, мектеп бағдарламасына енгізу;
2. Тұрғын үй алу немесе белгілі бір мерзімге пәтер жалдағаны үшін төленетін ақшалай сертификаттар жүйесін енгізу;
3. Жұмыс берушіні кәсіпорындағы жас отбасына қосымша қолдау көрсетуді заңды түрде корпоративтік жарғыларға енгізуге міндеттеу;
4. Бала тәрбиелеп отырған үй шаруасындағы әйелді «жұмысшы» деп тану және бұл мерзімді еңбек өтіліне қосу.
5. Балаларды тегін орта білім берумен қамту мәселесін шешуді маңызды деп санаймын. Бұл үшін халық санының өсуімен үндестіре отырып, білім беру нысандарының құрылысын заңнамалық тұрғыдан бекітуді жоспарлап отырмын. Сонымен қатар балаларды тегін қосымша біліммен қамтамасыз ету үшін жеке бағдарлама әзірлеуді, мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің бос уақытын ұйымдастыруға арналған тегін мекемелер желісін кеңейтуді қолға алмақпын.
Өзім білім беру мекемесінде жұмыс істейтіндіктен, заманауи әрі қабілетті адамды қалыптастыру үшін барлық деңгейде білімнің сапасын арттыру қажет деп есептеймін. Балаларды отбасының әлеуметтік мәртебесі бойынша саралауға алғышарт болатын мектептерді қарапайым және элиталық деп бөлудің қалыптасқан тәжірибесін жою керек. Себебі балаларды жас кезінен түрлі әлеуметтік сипаттары бойынша бөлу – жеке тұлғаны қалыптастыруға теріс әсер етеді.
Еңбекақы жүйесіне сәйкес шәкіртақы төлеу, оқу орны мен кәсіпорын арасындағы байланысты арттыру, жастардың оқудан белгілі бір кәсіпке көшу үдерісінің сабақтастығын қамтамасыз ету, аға буын өкілдерін тарта отырып, ұлттық-патриоттық жастар клубтарын құру менің сайлауалды бағдарламамның негізгі өзегі болмақ. Мені қолдаңыздар. Мен сіздердің сенімдеріңізді ақтаймын.
19 наурызда өз таңдауыңызды жасаңыз.

Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.

Поделиться ссылкой: