Көкімбаев Сейтбек Кеңесұлы

367 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар

ӨМІРБАЯНЫ
Көкімбаев Сейтбек Кеңесұлы 1982 жылдың 9 тамызында Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Ақыртөбе ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Қайнар университетінің Жамбыл облыстық филиалында «Құқықтану» мамандығы бойынша оқуын аяқтағаннан кейін, 2002-2003 жылдар аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде әскери кафедра оқып, «Лейтенант» шенін алған. Білімі – жоғары.
Сейтбек Кеңесұлы өз еңбек жолын 2003-2018 жылдар аралығында «Нұрсұлтан» шаруа қожалығының басшысы болып бастаған. Ал 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап, бүгінгі күнге дейін «Хамза» шаруа қожалығының басшысы болып жұмыс жасап келеді.
2023 жылдан бастап, «AMANAT» партиясының мүшесі.
Сайлауалды бағдарламасы
Құрметті жерлестер! Өздеріңізге белгілі, бүгінде партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асырудың аудандық Жол карталарында жалпы 74 іс-шара белгіленген.
Ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айларында аталмыш іс-шаралардың 69-ы (93%) орындалған, 4-еуінің (6%) орындалу мерзімі келмеген, 1-еуі (1%) орындалу сатысында тұр.
Жол картасына сәйкес ауданымызда 2022 жылы 6000 гектар жер қайтару жоспарланып, жүйелі атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 9814,7 жер қайтарылған. Осылайша көзделген меже 164 пайызға орындалып, жоспар артығымен жүзеге асты.
Жол картаға сәйкес, 2022 жылы 3 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Олар: Құлан мектеп-гимназиясы, № 2 шағын орталықты орта мектебі, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептері.
Сондай-ақ, Жақсылық және Жаңатұрмыс ауылдық округінде дәрігерлік амбулатория соғылып, жаңа нысан халықтың игілігіне берілді.
Жыл сайын 735 жаңа жұмыс орнын ашу межеленсе, бүгінде 1199 жұмыс орындары құрылып отыр.
«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша тұрғын үй несиесі 28 жас маманға берілсе, өткен жылы жастардың бизнес-бастамаларын қолдау мақсатында 128 жасқа 400 АЕК көлемінде грант берілді.
Құрметті сайлаушылар! «AMANAT» партиясының мүшесі ретінде жергілікті атқарушы билікпен бірлесе қимылдап, жұртшылықтың талаптары мен тілектерін, мұң-мұқтаждарын атқарушы билікке жеткізіп, табандылық көрсету арқылы күрмеулі мәселелерді бірігіп шешуге, ауылшаруашылық саласын дамыта отырып, жаңа кезеңнің жаңа талаптарына сай еңбек ету – басты мақсатым. Сол үшін де № 2 сайлау округі бойынша Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат ретінде тіркеліп отырмын. Маған сенім артып, алдағы сайлауда қолдайды деген үміттемін. Ендігі кезекте алдағы уақытта атқарылар жұмыстарға тоқталсам.
1. Ақыртөбе және Малдыбай ауылдарында 2АЭМ су құбырларын қайта жаңарту жұмыстарын бақылауға алу;
2. Ақыртөбе ауылында іргесі қаланған дене шынықтыру сауықтыру кешені құрылысының жүргізілуін бақылауға алу;
3. Ақыртөбе ауылында 140 орындық мәдениет үйі құрылысының салынуына ықпал ету;
4. Ақыртөбе, Малдыбай ауылдарында 4 көшенің жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуін бақылауда ұстау;
5. Өрнек ауылында Алғабас орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуін бақылауда ұстау;
Құрметті сайлаушылар! Егерде Сіздер мені қолдап сенім көрсетсеңіздер, өмірлік іс-тәжірибем мен білімімді халық сенімін ақтауға жұмсаймын деп сендіремін.

Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.

Поделиться ссылкой: