Өз өлкеңді танисың ба?
50 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар
Өмірбаяны
Утемуратов Асылбек Үсемұратұлы Өзбекстан Республикасы, Навои облысына қарасты Үшқұдық қаласында 1997 жылдың 22 қаңтарында дүниеге келген. 2003 жылы мектеп табалдырығын аттап, 2015 жылы Луговой ауылындағы Максим Горький атындағы орта мектебінен 11 сыныпты бітірген. 2016 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, 2020 жылы аталмыш жоғары оқу ордасын тәмамдаған. 2020 жылы Каменка ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасқан.
Үйленген. 1 ұлы бар.
Сайлауалды бағдарламасы
Мұғалім деген – мәртебелі мамандық. Сол мәртебелі мамандықты таңдап, қазіргі таңда ұстаздық жолда қызмет етіп жатқан жайым бар. Шәкірттерім де айтарлықтай жетістіктерге жетіп жүр. Жай адам мұғалім болмауы керек. Сауатты, білімді, білікті, жан-жақты, адами болмысымен оқушыларға үлгі бола алатын адам ғана ұстаз деген атқа лайық болуы керек.
Сол секілді, жай адам депутат та болмауы керек, меніңше. Өз ісін жақсы білетін, адамдармен тіл табыса алатын, қоғамның жанайқайын атқарушы билікке жеткізе алатын адамдардың депутат болғаны дұрыс деп ойлаймын. Мен № 13 округтен аудандық мәслихат депутаттығына сол үшін де сайлауға түсіп отырмын. Егерде депутаттық мандатқа ие болсам, мынадай мәселелердің оңды шешілуіне бар күш-жігерімді жұмсайтын боламын.
1. Отандық тауар өндірушілерді қолдау;
2. Агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
3. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;
4. Болашағы зор сала ретінде туризм индустриясын дамыту үшін инфрақұрылым кұру. Сондай-ақ, әлеуметтік саладағы мәселелердің жай-жапсарын өзімнің сайлауалды бағдарламама қосып отырмын.
1. Балалар мен жастар арасында мақсатты түрде жұмыс жүргізу. Олар бос уақытын тиімді пайдалану керек;
2. Жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыздықпен күресу;
3. Ұлтаралық татулық пен рухани келісімді нығайту бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілуі керек.
4. Өкінішке орай дейміз бе, жасыратын несі бар, жоғары оқу орнын бітіріп келген жас мамандар жұмыс таппай жатады. Ол да – үлкен проблема негізі. Сайлауалды бағдарламамды қағазға түсірерде бұл мәселені шешуге шамамның жеткенінше жұмыс жасаймын деп шештім.
Құрметті сайлаушылар! Қазақ елі қазіргі таңда дамудың даңғыл жолына қадам басты. Барлық салада өрлеу мен өркендеу бар. Дегенмен, алдағы уақытта атқарылар істердің де ауқымды екені белгілі. Елде әрдайым бейбітшілік болсын. Сонда ғана экономикамыз өсіп, ел мерейі артады. Егер сайлаушылар сенім білдіріп, қолдау көрсетіп жатса, жоғарыда атап өткен жұмыстарды жүзеге асырсам деп отырмын. Осы бағытта өзімнің сайлауалды бағдарламамды да жазып шықтым.
Шынайылық пен адалдық менің басты принципім. Сол себепті де көпшілік мені қолдайды деген үміттемін.
Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.