Аудан аумағында 1000 түп көшет отырғызылды
Наурыз мерекесі қарсаңында Жамбыл облысының барлық аумағында «Бірге – таза Қазақстан» акциясы өтті. Шара аясында сенбілік ұйымдастырылып, ағаш көшеттері отырғызылды.
Ал, Т.Рысқұлов ауданында 1000 түп көшет отырғызылды. Аудан әкімі Ернар Есіркепов ауыл ақсақалдары мен бірге «Жеңіс» саябағы аумағында декоративті шырша көшеттерін отырғызды. Сондай-ақ, акция аясында көктемгі көріктендіру, көгеріштендіру және санитарлық – тазалық жұмыстары жүргізіліп, 13000 шақырым арықтар мен каналдар, 64 шақырым көше жолдары тазаланып, 14 тонна қоқыс шығарылды. Сондай-ақ, аудан көлемінде Наурыз мейрамына арналған мерекелік шаралар жалғасуда. Білім ошақтары мен мекемелерде «Бауырсақ пати» акциясы, ұлттық нақыштағы сәндік-қолданбалы көрмелер, ұлттық ойындардан түрлі жарыстар ұйымдастырылып, өнерпаздар мен өнерсүйер жастар ән шырқап, күй тартып, аудан тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлауда.
«Құлан таңы» ақпарат.