Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы – құланда
Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Ғали Қуанұлы ауданымызға ат басын бұрып, бірқатар нысандардың жұмысымен танысты. Ең алдымен Жаңатұрмыс ауылына жаңадан кіргізілген ауыз су имаратына барып, ел игілігіне берілген ауыз су жүйесімен танысты. Бүгінгі таңда ауыз су жүйесі ауыл тұрғындарының жеке үй аулаларына кіргізілуде.Нәтижесінде Жаңатұрмыс ауылы сапалы ауыз сумен қамтылып, әлеуметтік-экономикалық және санитарлық-гигиеналық жағдайы жақсаратын болады.
Бұдан кейін Луговой ауылдық округіне табан тіреген бас инспектор күрделі жөндеуден өткен бұрынғы кеден қызметкерлерінің үйін көрді. 3 корпустан тұратын тұрғын үй жақын күндері кезектілікке сәйкес ел игілігіне берілетін болады. Сонымен қатар, аталған округтегі дренаж каналдарын тазалау жұмыстарын көзбен көріп, мұндағы шешімін күткен мәселелер жан-жақты сараланды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.