3 айлық қорытынды

171 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы Серік Узбеков 2023 жылдың 3 айында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша аудандық «Құлан таңы» газетінің тілшісі М.Дихамбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясын өткізді.
Сот төрағасы міндетін атқарушы сотпен атқарылған жұмыстар туралы және қаралған істер мен материалдар бойынша статистикалық деректерін айтып өтті.
2023 жылдың 3 айында 10 тұлғаға қатысты 10 қылмыстық іс қаралған, оның ішінде үкім шығару арқылы 9 тұлғаға қатысты 9 қылмыстық іс қаралған.
Есепті кезеңде 139 тұлғаға қатысты 139 әкімшілік іс қаралған, оның ішінде 100 іс бойынша әкімшілік жаза тағайындалған, 18 қысқартылған, оның ішінде тараптардың медиация тәртібімен татуласуы арқылы 9 іс қысқартылған.
Сондай-ақ, 2023 жылдың 3 айында 148 азаматтық іс қаралған, оның ішінде 101 іс бойынша шешім шығарылған, 15 іс бойынша сот бұйрығы шығарылып, 15 азаматтық іс қараусыз қалдырылды. 15 азаматтық іс қысқартылған, оның ішінде медиация тәртібімен 13, партисипативті тәртібімен 1, бітімгершілік тәртібімен 1 азаматтық іс қысқартылған, соттылығы бойынша 2 азаматтық іс жолданған.
Бұқаралық ақпарат құралдарында 12 мақала жарияланған, 1 «Дөңгелек үстел», 7 семинарлық сабақ өткізілген, 1 баспасөз конференциясы өткізілген.
Соңында төраға міндетін атқарушы С.Узбеков тілшінің сот жүйесіне қатысты барлық сұрақтарына жауап берді.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: