Жеңіс туы желбіресін!
95 ViewsЖуырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Жеңіс туы желбіресін!» байқауының гала-концерті өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық…
Өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен білім саласында атқарылған жұмыстар мен өзекті мәселелер қаралды. Келелі басқосуда аудандағы жалпы білім беретін мектептердің Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындығы және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жүргізілген шаралар барысы талқыланды. Сонымен қатар аудан мектептеріндегі оқушылардың сабаққа келу-қайтуын қатаң бақылауға алу, жасөспірімдердің қоғамдағы жат қылықтардан аулақ болуын қадағалау, мектептің ішкі тәртібі қаралды. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев, аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов, аудандық білім бөлімінің басшысы Майра Базарова, білім бөлімінің қызметкерлері, аудандағы жалпы білім беретін мектептердің директорлары, оқу ісі, бағдарлы оқыту және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, білім бөліміне қарасты қосымша білім беру мекемелері мен колледж басшысы қатысты.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.