Ағаш көшеттері отырғызылды
51 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Сейсенбі күні аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Аппараттық кеңесте хаттамалық тапсырмалардың орындаушылық тәртібі және көктемгі санитарлық-тазалық, абаттандыру жұмыстарының орындалу барысы қаралды. Ауданда екі ай көлемінде бекітілген қаулыға сәйкес, сенбіліктер ұйымдастырылғаны белгілі. Десе де, Ернар Серікәліұлы қанша тірлік атқарылғанымен, әлі де болса, «шикіліктер» бар екенін жоққа шығармады. Әсіресе, Көкдөнен ауылдық округіндегі абаттандыру және көгеріштендіру жұмыстарына көңілі толмайтынын жеткізді. Бұдан бөлек аппараттық кеңесте инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы және асылдандыру мәселелері талқыланды. Бұл мәселелер бойынша да тиісті бөлім басшыларын «сын садағының» тезіне алды.
Жиын барысында аудан басшысы Ернар Серікәліұлы өзге де мәселелер бойынша жауапты бөлімдердің есебін тыңдап, тиісті тапсырмалар жүктеді.
«Құлан таңы» ақпарат.