Отбасын сақтаудың маңызы зор

208 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық сотында «Отбасын сақтаудың маңызы зор» тақырыбында дөң­гелек үстел өтті.
Іс-шараға судья С.Узбеков, аудан әкім­­дігінің ішкі саясат бөлі­мі «Жастар ресурстық орта­лы­ғы­» КММ директорының орынбасары Е.Жәдік, жастар ресурстық ор­та­лы­ғының психо­логы А.Қабылбекова, жастар ресурстық орта­лығының инспекторы А.Өмірбек және билер кеңесінің төрағасы С.Өтегенов қатысты.
Дөңгелек үстел барысында судья С.Узбеков соңғы уақытта ерлі-зайыптылардың ажырасуы көбей­гені алаңдататынын, сот­тарға келіп түсіп жатқан ажыра­суға байланысты талап арыздар артып отырғанын айтты.
Аудандық сотта 2022 жыл­дың 3 айында неке бұзу туралы 22 азаматтық іс қаралса, 2023 жылдың 3 айында 24 іс қаралғанын атап өтті.
Соттар тараптарға жанжалды бітімгершілікпен шешу, психо­логпен, медиатормен және адво­катпен кеңесу құқығын түсін­діреді.
Дөңгелек үстелдің қоры­тын­дысы бойынша қаты­сушылар бұдан әрі жүргізетін жұмыстарында отбасы мен неке қатынастарын сотқа дейінгі және сот тәртібінде реттеу кезінде де отбасын қорғау және сақтау жөнінде жұмыс тобымен тығыз өзара іс-қимыл шараларын қабылдауға ниетті екенін атап өтті.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: