Игі істің басына – жақсы келер қасына
27 ViewsҚазақта «Игі істің басына – жақсы келер қасына» деген қанатты сөз бар. Ауылымызда қашанда игі бастамаларды қолға алып, көпшіліктің құрмет-қошеметіне ие болып жүрген азаматтар…
Сот төрелігіне жүгінетін тараптар өзара келісімге келіп, соттан өкпе назсыз шықса, ол – судья үшін үлкен жетістік.Сәл дау туындаса, тараптар дереу сотқа жүгіреді. Сот екі тараптың талаптарын бірдей қанағаттандыра алмайды. Дау қолданыстағы заңды қолдана отырып шешіледі.
Тараптар біраз уақыт әуре-сарсаңға түседі, яғни бірнеше сот отырысы өтеді, қайта-қайта жұмыстан сұранып, жол қаражаты бар, адвокаттарды жалдайды, мемлекеттік бажды төлейді. Осының барлығы үлкен шығын. Осыншама қиындықтан өтіп, дау екінші тараптың пайдасына шешілетініне ешкім кепілдік бермейді.
Дауды шешудің ең тиімді әдісі – бітімге келіп, татуласу.
Бітімгершілік арқылы екі жақтың мәмілеге келуі – қазақтың ертеден келе жатқан билер сотындағы ең тура жолдың бірі. Ауыл-үй арасында мал дауы, жер дауына байланысты түрлі дау-дамайларды ара ағайынның араласуы арқылы шешу елдің бірлігін, жердің тұтастығын сақтап келген.
Медиация арқылы бітімге келіп, аяқталып жатқан әрбір іс, ол ең алдымен тараптарға тиімді шешім. Дауларды татуластыру рәсімімен жүзеге асырудың тағы бір артықшылығы даулардың шешу мерзімдерін қысқартуға, тараптардың шығындарын азайтуға септігін тигізеді.
Л.Байтленова,
аудандық соттың судьясы.