Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
26 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен «Бір өңір – бір кітап» акциясын жалғастыру мақсатында «Саяхатшы кітап – 2023» эстафетасын Қайыңды мен Сөгеті ауылдық кітапханашылары жалғастырды.
Қайыңды ауылдық клубында Т.Рысқұлов ауданының 85 жылдығы және «Бір өңір – бір кітап» акциясы аясында жазушы, ақын, журналист Дулат Шалқарбаевтың 100 жылдығына орай «Жақсы жыр – жан азығы» атты поэзиялық кеш өткізілді. Көп жасап, көпті көрген қарт қаламгердің осынау шығармашылық мұрасы оқырмандарға рухани шабыт берді.
Кешіміз Қайыңды ауылдық округінің әкімі Асанбай Азамат Ниетқұлының құттықтау сөзімен ашылды.Поэзиялық кешімізге кітапхананың тұрақты оқырмандары тартылып, іс-шара барысында ақынның жыр шумақтары мәнерлеп оқылды. «Сырғалым», «Ақ қайың» бишілер тобы өнерлерін көрсетсе, Досжан Оспаналиев «Келші Құланға», «Дүние-ай» әндерін айтты. «Асыл домбыра» күйшілер тобы, Ердәулет Тәжібек қазақтың қара домбырасымен күй орындады.
Қайыңды ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Мейірқұл Скендіров жас оқырмандарға «Бар білімнің қайнар көзі – кітап» екендігін айтып өтті.
Ауданның 85 жылдығына орай «Аудан шежіресі – тәрбие қазынасы» және Дулат Шалқарбаевтың 100 жылдығына «Өмір өзі сөйлейді» атты кітап көрме инсталляциясына Қайыңды, Сөгеті кітапханашылары шолу жасады.
Кешіміздің қонағы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Айнақұлов Мереке Ержанұлы қорытынды сөз сөйлеп, марапаттар тапсырып, келесі «Саяхатшы кітап – 2023» эстафетасы Тереңөзек және Шолаққайыңды ауылдық кітапханашыларына табысталатынын жеткізді.
Өзі өлсе де, артынан өшпейтін сөз қалдырған Дулат Шалқарбаевқа арналған «Жақсы жыр – жан азығы» атты поэзиялық кешіміз өз деңгейінде өткізілді.
А. Ережепбаева,
Қайыңды ауылдық кітапханасының кітапханашысы.