20 көше күрделі жөндеуден өтуде

217 Views

Т.Рысқұлов ауданында биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдар­лама­сы­ның шеңберінде 514,2 миллион теңгеге жалпы ұзындығы 23,9 шақырымды құрайтын 13 елді мекеннің 20 көшесіне күрделі жөндеу жұмыс­тары жүргізілуде. Ал, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 352,7 миллион теңге бөлініп, ұзындығы 15 шақы­рымды құрайтын «Ақыртөбе–Тереңөзек–Қайыңды» бағыты бойынша аудандық маңызы бар автожол күрделі жөндеуден өтуде. Сондай-ақ, аудандық бюджеттен 40,4 миллион теңге қаралып, ауылішілік 3 көшенің жолдары орта жөндеуден өтетін болады. Жалпы аудан аума­ғын­дағы 96 шақырымды құрайтын респуб­лика­лық мәндегі жолдардың 100 пайызы, 100 шақырымды құрайтын облыстық мәндегі жолдар­дың 95 пайызы, 100 шақырымды құрай­тын аудандық мәндегі жолдардың 95,5 пайызы және 337,4 шақырымды құрайтын ауылішілік көше жолдарының 95,5 пайызы жақсы және қанағаттандырарлық үлесті құрап отыр.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: