Елбасы тапсырмасы іс жүзінде

553 Views

Елбасы тапсырмасы іс жүзінде

 Елбасы Н.Ә.Назарбаев үстіміздегі жылдың қаңтар айында жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «Қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелерде және адам көп жиналатын қоғамдық орындарда бейнебақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын қадағалайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізу керек» деп атап көрсетті. Осы бағыттағы тапсырмаларды орындау мақсатында аудан әкімі Асқар Қырықбаев аудандық полиция бөліміне үлкен қолдау көрсетіп, аудан прокурорының қатысуымен

 аудандық бюджет есебінен 15 смартфон, 15 бейнетіркеуіш және толтырылған хаттамалар мен айыппұл түбіртектерін лезде шығарып беретін 15 термопринтер табыс етті. Бұл – полиция қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған шаралардың алды емес. Бұған дейін де аудан әкімдігі тарапынан полиция бөлімі қызметкерлеріне бірнеше жаңа көліктер мен компьютерлер берілсе, учаскелік полиция қызметкерлеріне қызметтік пәтерлер де сатып әперілген болатын.

М.ТОҚСАНБАЙҰЛЫ.

Поделиться ссылкой: