Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
23 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің 2018 жылға арналған кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде сәуір айынан бастап, облыс аумағында «Адал жол» атты марафон-эстафетасы өткізіліп келеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтық бастамашылық Конгресінен бастау алған аталмыш акцияның мақсаты – Жамбыл өңірінде жемқорлық көріністеріне «нөлдік» төзімділік атмосферасын қалыптастыра отырып, аймақ жұртшылығын жаһанды дендеген сыбайластық әрекетке қарсы жұмылдыру.
Өткен аптада аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мұрындық болуымен «Адал жол» акциясына қолдау көрсету шеңберінде велошеру- эстафетасы ұйымдастырылды. Шежірелі Құлан жеріндегі сәулеті жарасқан «Жұмабек» кафесінен басталып, аудандық пошта байланыс торабының ғимаратына дейін жалғасқан бұл велошеруге орталық қызметкерлері, Құлан ауылдық округінің, аудандық білім беру және спорт мекемелерінің мамандарымен бірге әр ауылдық округтен келген белсенді жастар қатысты.
– Біз осы ілкімді шараны өткізу барысында көп ойландық. Әлеуметтік желілерді бақылап отырсаңыз, облыс аумағындағы аудандарымыз «Адал жол» акциясын түрлі форматта өрбітіп жүр. Бірі – жалынды жастардың басын қосып дөңгелек үстел өткізсе, енді бірі – облысқа танымал тұлғаларды шақырып, мәнді де мазмұнды кездесу ұйымдастыруда. Орталық мамандарымен ақылдаса келе, біз осындай шешімге тоқтадық. Жоспарымыз сәтті шыққан секілді. Өзіңіз көріп тұрсыз, әр түрлі мекемелерден 40- қа жуық мамандар қатысып отыр, -дейді аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Айбек Сәрсеханұлы.
Марат ДИХАНБАЙ.