100-ге жуық адам Әнұранды шырқады

237 Views

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы.
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы.
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой.
Қайырмасы: Менің елім, менің елім,
Гүлің болып, егілемін.
Жырың болып, төгілемін елім,
Туған жерім менің,
Қазақстаным!
Шіркін, қандай сөзі келісті мәтін. Әнді айтсаңызшы. Тұнып тұрған рух қой. Оны жазған әлбетте басқа біреу емес, ән әлемінің королі Шәмші ғой.
Жексенбі күні, яғни 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай аудан әкімдігінің ауласында аудан басшысы Ернар Серікәліұлы бастап, орынбасары Бауыржан Есеев және өзге де мемлекеттік қызметкерлер мен ауылшаруашылығы, денсаулық, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет пен спорт салаларының қызметкерлері қостап, осылайша сөз басында біз жазып өткен Қазақ елінің Әнұранын 100-ге жуық адам қосыла шырқады.

Марат Диханбай.

Поделиться ссылкой: