Ел болашағы – әрқайсымыздың қолымызда
36 ViewsКеше ел азаматтары Атом электр станциясын салуға қатысты жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауда. Жалпы бұл еліміз тәуелсіздік алғалы өтіп жатқан төртінші референдум. Өзім…
«Адам алдымен еңбектеп өседі, содан кейін еңбектен өседі» деген Қадыр ақынның сөзінің астарында тағылымды мән жатыр. Құдай соған жеткізсін. Біз ауыл әкімінен Телтай ақсақалдан өзге «Қорағаты» кеңшарынан шыққан басқа қандай атақты азаматтар бар екенін сұрағанымызда, ол бірден Сейдуәлі Дауылбаевтың есімін атады.
Сейдуәлі Дауылбаев – Қорағатының іргетасын қалаған жандардың бірі. Өзі Жарлысудың тумасы болғанымен, тіршіліктегі өмірде аталмыш ауылдың өсіп-өркендеуіне бар күш-жігерін жұмсаған. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде мол табысқа кенелгені үшін оған 1949 жылы «Ленин» ордені берілген. Бұл марапатты Сейдуәлі ақсақал Қорағатының Ленин атындағы асыл тұқымды қой совхозының құрамдас бөлігі болған кезінде алған. Нақтырақ айтқанда, 1949 жылы. Сондай-ақ, ол ауыл жылнамасының тарихында ауылдық кеңесті басқарған тұңғыш төраға болып жұрт есінде қалды. Бүгінгі таңда Қорағаты ауылында зейнет жасына шыққанша осы қызметті абыроймен атқарған еңбек ардагері Сейдуәлі Дауылбаевтың есімімен аталатын көше бар.