Абай ауылдық округіне қарасты Еңбекші және Көкарық ауылы тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелерімен жаңа көшеге атау беру туралы өткен жиналыстың ХАТТАМАСЫ

256 Views

29.05.2023 №3 Абай ауылы.
Жиналыс төрағасы: Абай ауылдық округінің әкімі М.Арыстанбек
Жиналыс хатшысы: Абай ауылдық округі әкімі аппаратының маманы Д.Ибраимова.
Жиналысқа қатысқандар: Жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелері, ауыл тұрғындары.
Күн тәртібінде:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» № 138 қаулысына сәйкес, Абай ауылдық округіне қарасты Еңбекші ауылының жаңа көшесіне «Ынтымақ» көшесі және Көкарық ауылындағы жаңа көшеге «Бірлік» көшесі атауын беру туралы.
Тыңдалды: Абай ауылдық округінің әкімі М.Арыстанбек күн тәртібіндегі аталған мәселелер бойынша түсіндіре келе, ауылдағы жаңа көшелерге «Ынтымақ» және «Бірлік» көшелері атауын беру туралы жиынға қатысушылардың пікірлері мен ұсыныстарын сұрады.
Жарыссөзде: Ауыл тұрғыны, әрі жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы Т.Көпбаев бұл ауылда туып өскендігін және ауылдағы халқының халық санының күн санап артып келе жатқандығын алға тарта отырып, жаңа көшелер атауы қазіргі заман талабына сай болуын атап өтті. Еңбекші ауылының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан жаңа көшеге, болашақ тұрғындардың ынтымағы жарассын деген ниетпен «Ынтымақ» көшесі атауы және Көкарық ауылының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан жаңа көшеге, көше тұрғындарының бірлігі арта берсін деген ниетпен «Бірлік» көшесі атауын беру туралы ұсынысын айта отырып, ауыл тұрғындарының қолдауын өтінді.
Күн тәртібіндегі мәселені талқылай келе, жергілікті қоғамдастық мүшелері мен ауыл тұрғындары жаңа көшелерге «Ынтымақ» және «Береке» көшелері атауларын беру туралы ұсынысты бірауыздан қолдап, дауыс берді.
Абай ауылдық округі әкімдігі Шешім етеді:
1. Еңбекші ауылының оңтүстік батыс бөлігінде орналасқан жаңа көшеге, «Ынтымақ» көшесі атауы және Көкарық ауылын солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан жаңа көшеге, «Бірлік» көшесі атауы берілсін.
2. Осы шешім аудан әкімдігі жанындағы ономастика мәселесі бойынша жұмысшы топ отырысында қаралып, облыс әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының отырысына ұсынылсын.

Жиналыс төрағасы М.Арыстанбек.
Жиналыс хатшысы Д.Ибраимова.

 

Поделиться ссылкой: