Қарт ананы құттықтады
34 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Тарих қойнауынан ойып алар орны бар біздің туған өлкеміз – Құлан өңірінің тарихы тым әріден бастау алатыны мәлім. Тарихи деректерге сүйенсек, Құлан – Ұлы Жібек жолы бойында сонау VІІ-VІІІ ғасырларда салынған көне қала. Содан бері талай басқыншылықты басынан өткізген Құлан өңірі – көне заманнан сыр шертетін тарихи-мәдени жәдігерлерге толы өлке. Тарихы көне Таразбен тамырлас қасиетті де киелі Құлан өңірі -шежіреге бай жер. Ықылым заманнан ата-баба дәстүрін ту етіп келе жатқан Ұлы
Жібек жолының бойында қоныс тепкен, Оңтүстігі әйгілі Қырғыз Алатауының мәңгілік мұз басқан құзар шыңдарымен, Солтүстігі Бетпақ даланың құм жоталарымен шектесетін Тұрар Рысқұлов ауданы -Жамбыл облысындағы бүгінгі күн талабына жедел бейімделген, төскейі төрт түлік малға, етегі егінге толы, жері жәннәт, суы шәрбәт өлкесі бар, жүрегі дархан, пейілі кең, үлкені айтса, кішісі тыңдайтын ынтымағы жарасқан халқы бар, киелі де құтты мекен. Көненің көзі атанған осынау ежелгі қала кезінде атақ-даңқымен төрткүл дүниеге мәлім болғандығы белгілі. Сонымен бірге, бұл қала іші сауда мен айырбастың да тұрақты орталығы болған. Құлан даласының тарихы алтын қазына десе болғандай. Осында әйгілі Әбілхайыр хан туын тігіп, өз сарбаздарын
жауға қарсы аттандырып, елінің тұтастығын сақтап қалу үшін күрескен. Мұнда бабамыз Қарасай батыр Қалмақ қолын тоқтатып, Ұлы жеңіске жеткен. Жоңғар шапқыншылығына қарсы аттан түспей, ел қорғаған Тантай, Рысбек, Болтай батырлар да, Қоқан хандығына қарсы күресте қол бастаған Құдайберген датқа да -осы Құлан жерінің түлектері, Құлан топырағының елі сүйген перзенттері. Ел шетіне жау
тиген сәтте қол бастаған батырларға Есім, Тантай, Тоқсаба, Абайілдә секілді ақылы кеніш, көзі көреген би-шешендер ақылшы бауыр, әрі кеңесші бола білді. Ендігі мақсат – ата-бабаларымыз ежелден аңсап келген осынау тәуелсіздік жолында талай арыстарымыздың нақақтан -нақақ мерт болғандығын, көптеген ұлы даналарымыздың көсемдігі мен батырлығын жастар санасына сіңіріп, олардың арманы мен мақсатын, туған жұртына деген махаббаты мен сүйіспеншілігін болашақ ұрпаққа аманат етіп тапсыру.
Құлан өңірінің тарихы шежіреге бай, атақ-даңқы асқақ екендігі баршамызға белгілі. Аудан жұрты ел экономикасын өрге бастыруда үнемі толағай табыстар биігінен көрініп келеді. Барша аудан жұртшылығы ауданның осынау тарих жылнамасына жазылар тамаша сәттерін ерекше сән-салтанатпен, шат-шадыман күйде атап өтуде. Бұны біздің ынтымағымыз бен ауыз бірлігіміздің нышаны деп білу керек.
«Бірлік бар жерде – тірлік бар» -деп ата-бабамыз айтқандай, басымыздан бақ, әрдайым осындай ынтымақ кетпесін, ағайын!
Қасиетті Құлан жері, Тұрар елі өсіп-өркендеп, келешегі-кемел, болашағы-баянды болады деп сенемін!
А.ҚЫРЫҚБАЕВ,
аудан әкімі.