Ағаш көшеттері отырғызылды
64 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Луговой – Тұрар Рысқұлов ауданының бұрынғы атауы және 1938 жылдан бері аудан орталығы саналып келді. 1992 жылы аудан орталығы ауылдың шығыс шетіндегі ортағасырлық қаланың атына сәйкес Құлан болып өзгертілсе, аудан атауы 1999 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Тұрар Рысқұлов ауданы болып қайта аталды.
Ауылдың сыртқы келбеті мен жобалануы кеңестік құрылыс жылдарында қалыптасты. Сол жылдары Луговойда жөндеу-механигі, май шайқайтын кірпіш зауыттары, тоқыма фабрикасы, нан-тамақ комбинаты, типография, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, қонақ үй, сауда және қоғамдық тамақтану кәсіпорындары, кітап дүкені, мәдениет үйі, кітапханалар, кинотеатр, мәдениет және демалыс паркі, тарихи-өлкетану мұражайы, малдәрігерлік техникумы, орта сегізжылдық және музыка мектептері, пионерлер үйі салынып, жұмыс істеген және істеп те келеді. Сондай-ақ, «Социалистік еңбек» -«Социалистический труд», «Коммунистік еңбек» -«Коммунистический труд» газеттері басылып
шығарылған. 1936 жылы Луговойдан 30 шақырым жердегі Көгершін ауылында Республикадағы спорт және асыл тұқымды жылқыларды өсіретін ең үлкен №97 Луговой жылқы зауыты құрылды. Онда 1960 жылы Рим Олимпиадалық ойындарының чемпионы – Абсент өсірілген.
Ауылда ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында салынған тұрғын үйлер, мектеп және тағы басқа жеке құрылыстар сақталған. Құлан территориясында және оның айналасында VI-ХII ғ.ғ қаласы, біздің заманымызға дейінгі III ғасырдан орта ғасырларға дейінгі обалы қорымдар, бекіністі
қоныстар сияқты археологиялық ескерткіштер шоғырланған.
Мәлімет “Қазақстан Респуликасының тарихи және мәдени ескерткіштер жиынтығы” кітабынан алынды.