Іскер әкім әрдайым халық ықыласына ие
Құлан ауылы аудан орталығы болғандықтан, ең алдымен, орталық көше бойында орналасқан нысандардың сырт келбеті мен көшелердің тазалығына басым бағыт берілуде.
Осы аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов аудан орталығында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын зерделеп, мердігерлермен пікірлесті. Айта кетейік, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында Құлан ауылындағы орталық базар алдына аялдама салу, құрылыс базарының алдын асфальттау, гүлзар егу туралы кәсіпкерлерге бірқатар ұсыныстар айтылып, демалыс алаңдары мен саябақтарды, жасыл желектерді күтіп-баптау, суару жұмыстары зерделенді.
Ауылды көркейту жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Сонымен қатар, Ернар Серікәліұлы бірқатар ауыл көшелерінің тұрғындарымен кездесіп, өтініш-тілектерін тыңдап, айтылған мәселелерді тиісті лауазым иелеріне қысқа мерзімде шешу жолдарын қарастыру қажеттігін тапсырды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.