Шоқ тілді Шона
20 ViewsӨткен сәрсенбіде Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде белгілі сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымының ұйымдастыруымен «Жүз шымшыма»…
Өткен аптада Тараз қаласында облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен білім қызметкерлерінің дәстүрлі Тамыз кеңесі өтті. Аталмыш кеңесте аймақ бойынша білім саласына айрықша көңіл бөлініп отырғандығы жайлы айтылды. Бала тәрбиелеу ісі мәселесі жайында қандай кемшіліктерге жол беріліп жатқандығы турасында да кеңінен сөз қозғалды. Дәстүрлі кеңес соңынан аймақ басшысы Нұржан Молдиярұлы білім саласының қызметкерлерін марапаттады. Айта кетейік, «Білім беру ұйымдары қызметтерінің тиімділігін бағалау» рейтингісінің нәтижесінде Луговой ауылындағы Ербол Кайпулдаев басшылық етіп отырған Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейі «Ең үздік ауыл мектебі» номинациясына ие болды. Осылайша, аймақ басшысы аталмыш мектеп-лицейінің ұжымына 1 000 000 теңге көлемінде сертификат табыс етті.
«Құлан таңы» ақпарат.