Қарт ананы құттықтады
34 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Тамыз айының екінші онкүндігінен бастап ауданымыздың педагогтеріне арналған «Жаһандық құзыреттіліктер» біліктілігін арттыру курсы өтіп жатыр. Білім беру ұйымдарындағы мұғалімдердің пәнаралық және әдістемелік құзыреттерін жетілдіруді мақсат еткен «Жаһандық құзыреттіліктер» курсының міндеттері де ауқымды.
Курсты оқытудың ұйымдастырушылық, мазмұндық және әдістемелік негіздері туралы білімді өзектендірумен қатар, білім алушылардың ұжымдық, шығармашылық және өзіндік жұмыстарын жүзеге асыру үшін білім беру ортасын жобалау дағдыларын дамыту, сондай-ақ, оқушының күнделікті өмірінің құрамдас бөлігі ретінде тиімді өзара және бірлескен әрекеттесу, қарым-қатынас, ынтымақтастық, сыни және шығармашылық ойлау, өзін-өзі бағалау және өзін-өзі басқару дағдылары қалыптастыруды міндеттеген курс тыңдаушылар үшін қажеттілік еді. Өткен оқу жылынан бастап мектеп бағдарламасына енген бұл курсты жүргізудің тың әдіс-тәсілдерін, мақсат-міндеттерін тереңірек меңгеру – заман талабы. Осыған орай «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының тренері Есмырзаева Аманкүл Орынбайқызының жетекшілігімен аудан мектептерінің 30 мұғалімі зерттеу дағдыларын дамыту үшін белсенді оқыту әдістері мен тәсілдерін жетілдіру, мәселелерді талдау және бағалауды меңгерді. Сабақ барысында рөлдік ойын, топтық жұмыс, сызбаларды, карталарды құру, постер құру,жобалық жұмыс, конкурстар, жарнамалар, ситуациялық есептерді шешу, зерттеу тұрғысында білімдерін жетілдірді.
Біліктілікті арттыру курсы 80 академиялық сағат ұзақтығымен күндізгі оқыту түрінде ұйымдастырылды. Интерактивті лекция, семинар, вебинар, практикалық жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды талдау және орындау, оқу және қосымша әдебиеттермен жұмыс, презентация форматындағы курста тыңдаушылардың өзіндік жұмысына көбірек уақыт беріліп, көңіл бөлінді. Қатысушылар шығармашылық еркіндікте өз ойларын білдіріп, жобалар қорғады. Практикалық дәріс кезінде ұлт зиялылары А.Байтұрсынов, Қ.Сәтбаев, Б.Момышұлы жөнінде ойтолғаулар айтылып, олар туралы тың деректермен бөлістік.
Курс аясында «Жаһандық құзыреттіліктер» факультативтік курсының үлгілік оқу бағдарламасының базалық мазмұнымен танысып, шығармашылық бастамалар, волонтерлік қозғалысы, стартаптар, жобалар, акциялар бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарды әзірледі.
Мадина Дастанова,
Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектептің мұғалімі.