Білім саласының жай-күйі – басты назарда

141 Views

Іссапар барысында облыс әкімі Құлан агротехникалық жоғары колледжінің жұмысымен жан-жақты танысты. Қазіргі таңда 12 мамандық бойынша 590 студентке білім беріп отырған оқу ошағының директоры Олжас Мұсақұлов алдағы екі, үш жылда тәрбиеленушілердің санын мыңға жеткізуді жоспарлап отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, колледж директоры қыз балаларына арналған мамандықтар ашу, жаңа ауқымды жобаларды жүзеге асыруда оқу ошағының базасында тәжірибе шыңдауға мүмкіндік берілсе деген ұсыныстарымен бөлісті. Бітіруші түлектердің 80 пайыздан астамы жұмыс­қа орналасу мүмкіндігіне ие болып отырған оқу ордасының материалдық-техникалық базасымен толыққанды танысып шыққан аймақ басшысы өндіріске ең қажетті маман даярлау ісі қашанда қолдау табатынын айтты. Ербол Қарашөкеев ауданға қарасты «Арай» алқабындағы 300 орындық жаңа мектеп құрылысымен танысып шықты. Мұндағы басты мәселе­нің бірі мектепке барар бір жарым шақырым­дық жол­дың мәселесі де шешіле­тін болды. Облыс әкімі мер­дігер «ҚазМұнайҚұрылыс» жауап­кер­шілігі шектеулі серіктестігіне жаңа мек­теп­тің құрылысын оныншы қазанға дейін аяқ­тап, екінші тоқсанда оқушыларды қабыл­дауды тапсырды. Аймақ бас­шысы «Аяна» жекеменшік бөбек­жай — бақ­шасының жұмысымен де таны­сып шықты. Қазіргі таңда бөбекжай бақшасында 160-тан астам бүлдіршін тәлім алуда. Мұнда жекеменшік бөбек­жай — бақшасы тәлімгерлерінің жалақы­сын көтеру мәселесі айтылды. Ербол Қарашөкеев бұл мәселені жіті назарына алатынын жеткізді.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: