Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
26 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі №227-VII 3РК заңы күшіне енді.
Енгізілген өзгерістер отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер бойынша жауапкершілік күшейтілді.
Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 73 (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер), 73-1 (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру), 73-2 (Ұрып-соғу), 461 (Қорғау нұсқамасын бұзу), 669 (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) баптарында көрсетілген құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауапкершілік күшейтілді. Олар бойынша әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза мерзімі ұзартылды.
Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 73-бабы (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер), 73-1-бабының 1-1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) және 73-2-бабының 1-1-бөлігі (Ұрып-соғу) бойынша тараптардың татуласуына байланысты бір жыл ішінде әкімшілік жауаптылықтан босатылған адамдарға тараптардың татуласуы үшін әкімшілік жауаптылықтан босату мүмкіндігі алынып тасталды.
Аталған өзгерістер кінәлі тұлғалардың жауапкершіліктен құтылып кетуіне жол бермеу мақсатында еңгізіліп отыр. Өйткені, бұрын әкімшілік істер татуласуына байланысты қысқартылып және кінәлі адам нақты жасаған құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктен босатылатын еді.
С.Узбеков,
Тұрар Рысқұлов аудандық
сотының судьясы.