Сыбайлас жемқорлық — қоғам дерті

151 Views

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Респуб­лика­сының мем­­лекеттік саясатының негізгі басым­дылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия­ның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру.
«Сыбайлас жем­қорлыққа қар­сы іс-қимыл туралы» Қазақс­тан Республикасының Заңында «Сыбайлас жем­­қорлық­қа қарсы мәден­иетті қалып­тастыру – сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі» деп түсіндіріледі.
Яғни, сыбайлас жем­қорлық­қа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбай­лас жемқорлыққа қарсы тұру қабі­леті. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз – ол сол тұл­ға­ның қоғам қауіпсіздігіне және игілі­гіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті. Ол индивидтің жай ғана сыбайлас жем­қорлықты төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы болып табылады.
Қазақстан Республи­касы­ның әр азаматы сыбайлас жем­қорлық­қа қар­сы мәдениетті қалыптастыра білсе, еліміздің дамуы бұдан да биік дәрежеге көтерілетіні хақ. Жалпы, кезкелген қыз­меткер өз отбасында, әріптестерінің ара­сын­да осы бір қағидаларды ұран қыла білсе, бұл індеттің түбі­мен жойылатыны анық.
Әрбір қоғам дамуының жақсы жағы­мен қатар көлеңкелі тұсы да қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуалының жақсарып, эконо­микалық жоғары даму деңгейіне жетуді, хал­қымыз­дың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күрес­ті күшейту – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз екенін ұмытпайық.

Мұратбек Сванов, Луговой ауылдық
округінің әкімі.

Поделиться ссылкой: