Жақсылық жаса, сыйла адамды тік тұрып!

189 Views

1 тамыз бен 30-шы қыркүйек аралығында еліміздің барлық өңір­лерінде дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өткізілуде.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шық­қан оқушыларға қолдау көрсету, баланың әлеуметтік се­бептермен мек­тепке келмей қалуының алдын алу, жетім балаларға, ата-анасының қамқор­лығынсыз қал­ған балаларға қол ұшын созу.
Аталмыш акция аясында аудан әкімінің орын­басары Еспенов Ерғазы Жұма­бек­ұлы, жеке кәсіпкер Райым­құлова Асылкүл Байтайқызы, Садықбекова Гүл­нар Рахымқызы, Оразбаева Гулина Медетқызы, Құлан мектеп-гимна­зия­сының директоры Шонатаева Шакизат Байтанқызы, Құлан мектеп-гим­назиясының ата-аналары бірлесіп, мектептегі аз қамтылған және көпбалалы отбасы­лардың балаларына оқуға қажетті құ­рал-жабдықтар әперіп, қайырымдылық шарасына өздерінің үлестерін қосты. Әрбір жанның жүре­гіне жылылық ұялатып, өмірге деген құлшынысын арттыра білсек, одан асқан ізгілік бар ма? Қайырымдылық акциясына атсалысып, демеушілік жасаған жандарға алғыс айтамыз.

Г.Асилова, Г.Туребекова,
Құлан мектеп-гимназиясының әлеуметтік педагогтары.

Поделиться ссылкой: