Алғыс айтқым келеді

145 Views

Мен кейде «Біз осы мейірім дейтін асыл қасиеттен жұрдай болып бара жатқан жоқпыз ба?» деп ойлайтынмын. Бекерге алаңдаппын. Арамызда адал ісімен елге танылып, жан-жағына мейірім шуағын төгіп жүретін адал азаматтар бар екен. Өз басым жақында сондай азаматтың бірін таныдым десем болады. Ол – аудандық мәслихаттың депутаты Сейітбек Көкімбаев.
Сейітбек Көкімбаев секілді елге жанашыр азаматтар көп болса екен деймін. «Жанашыр» деп тектен-текке астын сызып айтып отырғаным жоқ. Оның маған үлкен көмегі тиді. Өзім тұратын үйдің екі бөлмесіне жап-жаңа линолеум төсеп берді. Өз қаражаты есебінен, әрине. Жасырып қайтеміз, есігінің алдына жуытпайтын «шық бермес Шығайбайлар» жоқ емес, бар. Ондай адамдардың қасында мына Сейітбек інімнің пейілі, сөйлеген сөзі, жүзі түзу азамат екен.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді емес пе дана қазақ. Мен Сейітбек інімнің бұл жақсылығын ұмытпаймын. Осындай жүрегі қазақ деп соғатын азаматтар барда, мемлекетіміздің мерейі әрқашан үстем болары сөзсіз.

Ұлту Еркебекова,
Құлан ауылының тұрғыны.

Поделиться ссылкой: